17.05.2017, 19:31
Оқылды: 54

Əлеуметтік зерттеулер биыл тағы жалғасады

Screenshot_2017-05-18-06-34-22-1Оралдағы Ассамблея үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.


Басқосуда «Қоғамдық келісім» КММ-нің сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы Әсия Жумина аталмыш топтың 2016 жылғы жұмыс қорытындысымен және биылғы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Оның айтуынша, өткен жылы жоспарлы жұмыстар жасалып, аталмыш топтың отырыстары өткізілген. Ондай басқосулардың бірінде қоғамдық келісімнің қазақстандық моделіне және жылпыұлттық бірлік тақырыптарына арналған үздік ғылыми жобаларға байқау ұымдастыру мәселелері пысықталып, байқау өткізілген. Сондай-ақ «Ұлт жоспары-100 қадам» бағдарламасын бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Биыл да ғылыми-сараптамалық топтың алдында ауқымды жұмыстар тұр. Соның бірі үздік ғылыми жобаларға байқау ұйымдастыру көзделген.

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім беру кешенінің ғылым мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Гаухар Қайырлиева қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтуға арналған шараларды ұйымдастырудың және өткізудің жүйелі тәсілі туралы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына арналған ұсыныстары бар кітапшасын таныстырып, мазмұнына шолу жасады.

Ал, «Қоғам-Общество-Society» ҒЗИ» ЖШС-ның директоры Асхат Әменов "Бірегейлік және жастардың әлеуметтік хал-жайы» тақырыбындағы зерттеуінің нәтижесі жайында баяндады.

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай жастардың санасын жаңғырту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық партиоттық идеяға негізделген қазақстандық біртектілікті нығайту, әлеуметтік бөлінудің түрлі пішіндеріне, соның ішінде діни экстремизмнің көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» «иммунитетін» қалыптастыру үшін жастардың әлеуметтік-саяси көзқарастарын, ұстанымдары мен құндылықтары жайында ақпараттарды білген дұрыс. Сондықтан мұны әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы білуге болады. Ғылыми-сараптамалық топтың жұмыс жоспарына сәйкес биыл университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен әлеуметтік зерттеулер орталығы «БҚО студенттерінің қазақстандық біртектілікті, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын, жеке тұлғаның қасиеттерін, ұлтаралық қарым-қатынастарын және дінді қабылдауы», «БҚО студенттерінің әлеуметтік көңіл-күйі», «Оқу орындарының дене шынықтыру және спорт сабақтарында оқу-әдістемелік және материалдық жағынан қамтамасыз етілуі» тақырыптарында әлеуметтік жобаларды қолға алады, - деді М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ҚХА кафедрасының меңгерушісі Владимир Салов.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале