1.06.2017, 12:46
Оқылды: 22

«Үркер-2017» ұлттық сыйлығына өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Ажибаев, «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Е. Кочетовтың қатысуымен «Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының Сараптамалық қазылар алқасының құрамын бекіту» тақырыбында брифинг өтті.


Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлыққа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 10  маусымына дейін ұзартылған.

Сыйлықтың мақсаты - еліміздің талантты журналистері мен сапалы медиа-жобаларын анықтау және марапаттау.

Үміткерлер ұсынған материалдарды кәсіби журналистер мен танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құралған  қазылар алқасы сараптап, сұрыптайды.

Сыйлықтың жүлде қоры – 15 миллион теңге. 15 номинация бойынша әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңгеден алатын болады!

Сарапшылардың айтуынша, «Журналистикадағы дебют», «Үздік республикалық баспа басылым», «Үздік жыл журналы», «Үздік өңірлік баспа басылым», «Қазнеттегі медиасерпін» номинациялары бойынша үміткерлер саны аз болып отыр.

Сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімі байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 28 маусым күні салтанатты жағдайда өтетінін еске саламыз.

Аталған шараның ұйымдастырушысы – «Қазконтент» АҚ. Ал, сыйлықтың құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале