23 маусым күні кешкісін Зачаган кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы көшесі бойындағы 108/2-үйдің ауласында екі жасар қыз баланы көлік қағып кетті.
Көршілерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған кішкентай қыз жексенбі күні жер қойнына тапсырылды. Баланы қаққан «Nissan Primera» көлігінің жүргізушісі сол көшедегі 108/4-үйде тұратын көрінеді.
БҚО ІІД баспасөз қызметі оқиғаны растады, ресми мәлімет кейін берілетін болады.
Елжан Ералы
zhaikpress.kz