17.07.2017, 16:34
Оқылды: 32

Көрші елде өнер көрсетті

 

Жәнібек аудандық демалыс орталығының өнерпаздары көршілес Волгоград облысының Волжск қаласына қала күніне орай көршілердің арнайы шақыруымен барып келді.

-Аталмыш қалада «Волжск інжулері» атты ұлттық мәдениетті және «Халықтар достығы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оздырылған фестивальге аудан әкімдігінің қолдауымен барып қайттық. Онда бізді жылы шыраймен жақсы қарсы алды. Соған орай біз де бар өнерімізді аянып қалмадық. «Жәнібек сазы» эстрадалық-фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен күміс көмей әншілеріміз Ақтоты Ешматова, Мейрамгүл Дәулетқалиева, Шынар Каюпова әуелетіп ән салса, Әлібек Қуаншәлиев пен Рита Малаева домбыра мен қобыздан күмбірлете күй төгіп, қандастарымыздың құлақ құрышын қандырды. Соңында «Қазақстан» шығармашылық ұжымы фестивальдің өтуіне үлкен үлес қосқаны үшін ұйымдастырушылардың алғыс хатына ие болды,- деді аудандық демалыс орталығының директоры Жақсылық Бисенғалиев.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале