18.07.2017, 14:29
Оқылды: 21

Сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын 101 фактор анықталды

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникация қызметі ұйымдастырған брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Əдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов мəлімдеді.


Департамент мамандары мемлекеттік органдарда 28 тексеру жүргізіп, 357 заңбұзушылықты анықтады. Тексеру нəтижелері бойынша 11 заңбұзушылықты жою туралы берілген ұсыныс орындалды. Тəртіптік жауапкершілікке 18 қызметкер тартылды. Жыл басынан бері Əдеп жөніндегі кеңес отырысында 47 мəселе қаралды. Тəртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 21 лауазымды тұлға, оның ішінде, алтауы Əдеп кодексінінің талаптарын, 15-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа жол бергені үшін тəртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттік қызмет сапасына қатысты 22 тексеру нəтижесінде 1241 бұзушылық анықталды. Бұзушылықты жою жөнінде 9 ұсыныс жасалып, 10 қызметкер тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Департамент 6 мемлекеттік орган мен 4 квазимемлекеттік сектор субектісіне сыртқы талдау жүргізіліп, 101 сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын факторды анықтады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале