18.07.2017, 18:00
Оқылды: 30

«Зениттен» шыққан 27-інші кеме суға түсірілді

Шаған өзеніне түсірілген «Ратмир» ұшқыр катері FC–19 жобасымен құрастырылған ҚР ҰҚК тапсырысымен жасалған.


Салтанатты шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас штабының жағалау күзеті басқармасының бастығы, 1-рангілі капитан Сабыр Хасанов, «Зенит» зауытының ұжымы қатысты.

-Зауыттан жыл сайын кеме шығару игі дәстүрге айналды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасыр ішінде 27-інші кеме шығарылды. Осының бәрі Елбасының тапсырмасына сәйкес қолға алынған үдемелі индустрияландыру және инновациялық даму бағдарламасы аясында өндіріс орындарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылуда,-деді облыс әкімі.

«Зенит» зауытының бас директоры Вячеслав Валиевтің айтуынша, «Ратмир» - ҚР ҰҚК тапсырысымен жасалған бесінші ұшқыр катер. Алдыңғы катерлерге қарағанда техникалық жағынан біраз жетілдірілген. Сондай-ақ экипажға да жақсы жағдай жасалған.

26 тонналық жүрдек катер сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүзіп, өзендерге де кіре алады. Арнайы сынақтан өткізілгеннен кейін Каспий теңізінде ел тыныштығын күзетуге септесетін болады.

         Наталья Горохова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале