1.08.2017, 15:38
Оқылды: 44

Төрт адам көз жұмған жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Screenshot_2017-08-01-22-01-41-1Бүгін облыстық Ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында маусым айының алғашқы күндері Орал-Ақсай тасжолында тіркелген жол апатына байланысты тергеу жұмыстарының нәтижесі баяндалды.


Айта кетейік, осы жылдың 2 шілдесінде кешкі сағат 19.00 шамасында аталмыш тасжол бойынның 77-ші шақырымында жолаушы тасымалдайтын екі «Фольксваген Шаран» автокөлігі бетпе-бет соқтығысып, апат салдарынан 4 адам көз жұмып, 9 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен болатын.

БАҚ өкілдердерінің қатысуымен өткен брифингте БҚО ІІД анықтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Максим Сиықов орын алған апатты жәйтқа орай жүргізілген тергеудің мән-жайына тоқталып өтті.

Оның мәлімдеуінше, жүргізілген сот-медициналық сараптамасының нәтижесі екі автокөлікті тізгіндеген жүргізушілердің спирттік ішімдік ішпегендігін анықтаған. Сонымен қатар қарсы жолаққа шығып, апаттың орын алуына сепбепші болған көліктен еш ақау табылмаған.
-Тексеріс нәтижесі апат болған аймақта тас жол шұңқырларының немесе шоқалақтың болмағандығын да анықтады. Бұл жерде бір ғана себеп тас жол бойындағы жылдамдықты сақтамау болып отыр. Сондай-ақ апат болған жерде көз жұмған көлік жүргізушісі жолаушылар тасымалымен айналысатын «Экипаж Батыс» ЖШС мекемесіне тіркелмегендігі белгілі болды. Апатқа кінәлі деп танылған адамның оқиға орынында мерт болуына орай қылмыстық іс тоқтатылды. Дегенмен жол апатынан зардап шеккен жандар мен олардың туыстары келтірілген моральдық және материалдық шығынды өндіру мақсатында сотқа шағымдануға құқылы, - деді Максим Сиықов.

Нұрбек ОРАЗАЕВ
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале