Біз Батыс Қазақстан облысының жастары мен жастар ұйымдары«Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында бірігуге шақырамыз.
Қоғамның өзекті мәселелерін шешуде жастардың белсенді әлеуметтік, қайырымдылық, ерікті қызметін ынталандыру арқылы туған өлесінің болашағына жауапкершілігін арттыру, өз елінің тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Елім менің» жастар колициясын құруды ұсынамыз.
Аталған коалицияны құру бастамасымен «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» штабы, «Болашақ» қауымдастығының БҚО филиалы, «Ақжайық» КВН лигасы және Батыс Қазақстан облысының басқа да жастар ұйымдары шығып отыр.