Бүгін облыс әкімі А.Көлгінов облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен жəне орталықтан өңірге ротация принципіне сәйкес әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлын таныстырды, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы 36 жаста. Білімі жоғары. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген.
2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған.
Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі;
Бүгінге дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып істеді.
zhaikpress.kz