5.02.2018, 10:43
Оқылды: 52

«Ашық әкімдік» шарасы 10 ақпанда өтеді

Орал қаласындағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында тұрғындарға арналған дәстүрлі «Ашық әкімдік» ұйымдастырылады. Шараның өтетін уақыты: 10 ақпан, сағат 10:00.

Ашық есік күні Сіз өзіңізді толғандырған мәселені,  өтінішіңіз бен ұсынысыңызды облыс басшылығы және құқық қорғау органдары, мемлекеттік және коммуналдық мекемелер басшыларына қоя аласыз. Сол арқылы тиісті жауап пен құқықтық кеңестер беріліп, шешу жолдары қарастырылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы дәл осындай шара тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Онда 44 мемлекеттік мекеме өкілі қатысып, қала бойынша 151 адам, облыс бойынша 500-ден астам тұрғын өз сауалының жауабын алды.

Қабылдау тұрғындар үшін қолайлы сенбі күніне белгіленіп отыр, сондықтан Сізді ашық есік күніне қатысуға шақырамыз!

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале