13.02.2018, 14:56
Оқылды: 36

Қаратөбеде фитнес орталығы ашылды

50554706-9627-4a0b-a2c0-db228e5079d7Фитнес орталығының ашылу салтанатында аудан басшысы Жанат Асантаев, ардагер спортшы Мағзом Есендосов сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды, ауданның барша тұрғындарын жаңа орынның ашылуымен құттықтады.

Фитнес залдың нұсқаушы-әдіскері Ернар Есенжанов шараға қатысушыларды залдың жұмыс тәртібімен таныстырды.

Орталықта бірнеше бейінді жаттығуларды орындауға арналған тренажерлер, адамның  бұлшық еттерін шынықтыратын арнайы велосипедтер, зілтемірлер, гантельдер, бір орында тұрып қозғалыс жасайтын жүгірме жолдары орналасқан.

Фитнес орталығы аптасына 5 күн жұмыс жасайды. Аптаның  тақ (дүйсенбі, сәрсенбі, жүма)күндері  ер адамдарға, жұп(сейсенбі, бейсенбі) күндері әйел адамдарға арналған. Күніне  таңертеңгі 1000-1200 сағат аралығында,  түстен  кейін 1500-1700 сағат аралығында, жұмыстан кейін келушілерге кешкі  2000-2200 сағат аралығында үш ауысымда қызмет көрсетеді.

2e829673-41f5-458e-82a9-a28db3beb3a5- Бүгінгі игі шара дене шынықтыруға арналған фитнес орталығының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Жаңа ғана залдың нұсқаушы әдіскері Ернар Есенжанұлы баршаңызды жұмыс тәртібімен таныстырып өтті.

Көп адамдар күндізгі уақытта жұмыста болады. Сондықтан орталықтың жұмыс уақытын халыққа қолайлы қылу мақсатында жаттығу жұмыстарын  түнгі сағат 1200 дейін ұзартуға болады,- деген Жанат Асылханұлы   қаратөбеліктерді фитнес орталығына келіп, спортпен шұғылдануға шақырды.

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                     Қаратөбе ауданы  

      zhaikpress.kz

DSC_0212 DSC_0284

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале