16.03.2018, 20:29
Оқылды: 83

БҚО əкімі ашық алаң форматында жастармен кездесті

IMG-20180316-WA0132Бүгін Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында облыс әкімі Алтай Көлгінов ашық алаң форматында жастармен кездесті. Жиында жастардың өзекті мәселелері мен жаңа жобалары талқыланды.


IMG-20180316-WA0134Батыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығындағы 140 мыңнан астам жас бар, бұл облыс халқының 21 %-ын құрайды. Оның ішінде 30508 жас облыстағы төрт жоғары оқу орнында, 19 мың жас облыстағы 38 арнаулы орта оқу орындарында білім алуда. Облысымызда жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын 89 жастар қоғамдық бірлестігі бар.
IMG-20180316-WA0137яі- Облыста 650 мыңнан астам тұрғын болса, оның 150 мыңы жастар. Жыл сайын жастарымыздың бос уақытын тиімді өткізуге негізделген, олардың таланттарын ашуға мүмкіндік беретін іс-шаралар атқарылып келеді. Жуырда Елбасымыз жариялаған 5 әлеуметтік бастамадан жастарды толғандыратын негізгі сұрақтарға жауап алдық. Олар студент жастарды жатақханамен қамту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасау секілді мәселелер қамтылды.

IMG-20180316-WA0131Біздің өңірдегі екі мемлекеттік университетте 3300 студент грант арқылы білім алуда. Сондай-ақ былтырғы жылы қосымша жергілікті бюджет есебінен 200 грант бөлінген болатын. 1500 маман «Жастар практикасы» бойынша ауылдарда еңбек етуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, енді қосымша 20 мың білім гранты бөлінетін болды. Бүгінгі таңда 2250 студент жатақханаға мұқтаж. Биыл екі жатақхана салуды жоспарлап отырмыз,- деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.

Содан соң жас кәсіпкерлер кездескен алғашқы қиындықтары, келешектегі жобалары туралы сыр шертіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Олардың арасында Асхат Рамазанов, Жандос Рсалиев, Айболат Құбашев, Аида Базарқұлова секілді жас кәсіпкерлер болды.

Жиында жастар облыс әкіміне көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Гүлсезім БИЯШЕВА

Фото Динара Кендірбаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале