Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы А.Жалмағамбетовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды
2017 жылы тұңғыш рет Елбасының «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Жарлығына сәйкес, арнайы рейтинг нәтижелері шығарылған болатын. Аталған рейтингте Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 6-орынға табан тіреді.
Рейтингте бизнесті қаржыландыру, мемлекеттік қызметті уақытылы көрсету, әкімшілік кедергілерді жою, соның ішінде соттағы дау-дамайларды шешу сияқты маңызды факторлар ескерілді. Республиканың барлық қалаларында ұзын саны 8 мыңнан аса кәсіпкерге сұрау салынды.
zhaikpress.kz