19.04.2018, 11:22
Оқылды: 53

Жаңақалада жас кәсіпкерлер тегін оқытылуда

Кеше, яғни 18 сәуір күні «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқу курстары басталды.

Кәсіпкерліктің қыр-сырын оқытуға арналған аталмыш курстың алғашқы легі оқуларын «Ғайса» мейрамханасының ғимаратында бастады.
Курстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжанов, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы С.Бекқалиева, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Меңдіханов және аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Бақтыгереев қатысты.

А.Мұхамбетжанов өз кәсібін ашуға ынталы ауыл тұрғындарын оқуға шақырып, талапкерлерге сәттілік тілесе, бөлім басшылары бизнес бастаудың негіздері турасында өз ақыл-кеңестерін айтты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақала аудандық филиалының директоры Ғ.Асханбаевтың айтуынша, биыл тегін оқу курсына 6 лекпен 167 адамды оқыту жоспарланған болса, қазір 72 адам оқуға тіркеліп, алғашқы лек өз оқуларын бастап кетті. Төрт аптаға созылатын оқу курысын толық аяқтаған талапкерлер арнайы сертификатқа ие болатын болады.

Нұрғали ҒАББАС
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале