17.05.2018, 9:41
Оқылды: 52

Оралдағы құрылыс нысандарында жергілікті материалдар пайдаланылуда

received_10211659235768848Облыс әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе көшесінде Ружейников көшесінен Кузнечнаяға дейін жол күрделі жөнделуде. Мердігер ұйым «Түркістан Жол Сервис» ЖШС жұмысын сапалы әрі мерзімінен бұрын орындауда.

Сол секілді Орал қаласында Депо көпірі қайта салынып жатқаны белгілі. Құрылысы екі жылға есептелген көпір биыл пайдалануға берілмекші. Содан кейін «Омега» зауыты ауданындағы осындай көпір бұзылып, қайта салынады. Депо көпірін қайта құру жұмыстарын «КА-Строй LTD» ЖШС жүргізуде.

М.Мәметова атындағы көше бойымен осы Депо көпіріне дейінгі аралықтағы жол күрделі жөнделу үстінде. Мұнда да жұмыстың басым бөлігі атқарылған.

Қалада жылу магистральдарын қайта құру жұмыстары биыл да жалғасуда. Бұл жолы Әбубәкір Кердері және М.Мәметова атындағы көшелерде жылу құбырлары салынуда. Мұны «Уральскводстрой» ЖШС атқаруда.

Нысандарды аралаған кезде өңір басшысы жұмыстар кезінде жергілікті құрылыс материалдарының пайдаланылуына ерекше мән берді. Сонымен қатар құрылыс нысандарын мерзімінде әрі сапалы тапсыру керектігін атап көрсетті.


zhaikpress.kz

Фото Айбатыр Нұраш

received_10211659239488941 received_10211659239168933 received_10211659246369113 received_10211659238008904 received_10211659240048955 received_10211659238248910

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале