18.05.2018, 12:41
Оқылды: 84

Альпинист Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын екінші рет бағындырды

20180518110053Атақты альпинист, әлемдегі 14 биік шыңға шыққан Мақсұт Жұмаев 18 мамырда таңғы 8:27-де әлемнің ең биік шыңы - Эвересті екінші рет бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы өзінің ерлігін Астананың 20 жылдығы мен өз оқу орнының 30 жылдығына арнады.

Айта кету керек, Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын 2007 жылы бағындырған болатын. Алайда, ол солтүстіктегі маршрутпен жүріп өткен. Осы жолы спортшы шыңға ең қиын маршрут - таудың оң қапталымен жүріп отырып жетті.

Қазір ол таудан түсіп келе жатыр.

AlmaU  оқу орнының экспедициясы Мақсұт пен оның тобын  күтіп алу үшін Непалға ұшып кетті.

Белгілі қазақ альпинисі Мақсұт Жұмаев Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық шыңдарды бағындырды. ТМД аумағында табаны тимеген тау жоқ. Әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын не бары 14 тау болса, соның 14-іне де шыққан.

Мақсұттың есімі айтулы биіктерге шыққан ең жас және оларды ең қысқа мерзімде бағындырған альпинист ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі тиіс.

zhaikpress.kz

32293985_213886865873871_7300248478146363392_n 31577853_211127382816486_3789843257538641920_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале