23.05.2018, 16:56
Оқылды: 141

БҚО-да Сағат Әбдуғалиевтің 70 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды

Ақжайық ауданында көрнекті ақын Сағат Әбдуғалиевтің 70 жылдығына арналып «Кіндік жұрт – Қазақстаным!» атты аймақтық-республикалық  жыр мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйраны БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, БҚО мәдениет және өнер орталығы, Ақжайық ауданының әкімдігі, Ақжайық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мәдени демалыс орталығы ұйымдастыруда.

Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Мүшәйраға екі өлең ұсынылады. Бірі – қазақтың көрнекті ақыны Сағат Әбдуғалиевке арналған, яғни оның шығармашылығын дәріптеуге бағытталуы тиіс; екіншісі – ақын туған Жұбан елі – Ақжайық туралы болу керек.

Бұрын-соңды баспасөз беттерінде жарық көрмеген өлеңдер қабылданады.

Туындылардың электронды нұсқасы [email protected], [email protected] эл. пошталарына  бүркеншек атпен жолданады.

Автор туралы мәлімет, аты-жөні, толық мекен жайы, өлеңдердің жазбаша түпнұсқасы салынған жабық конверт БҚО. Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан  көшесі.  № 55 үй мекен жайына пошта арқылы бөлек жолданады, конверттің сыртына бүркеншік аты көрсетіледі.

Жұмыстар 2018 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

Мүшәйра Тайпақ ауылында 28 маусымда өтеді.

Анықтама алу үшін мына телефондар арқылы байланысқа шығуға болады: тел. /факс 87113692140; факс. 871136 91241.

«Жайық таңы»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале