«Қазгидромет» РМК-ның БҚОФ 2018 жылғы 01 маусымдағы мәліметі бойынша, 2018 жылда 01 маусымда күндіз (сағ 11.00-ден сағ 20.00-ге дейін) Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.
02 маусымда түнде (сағ 02.00-ден сағ 07.00-ге дейін) топырақ бетіндегі температура 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Орал қаласында 01 маусымда күндіз (сағ 11.00-ден сағ 20.00-ге дейін) солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 02 маусымда түнде (сағ 02.00-ден сағ 07.00-ге дейін) топырақ бетіндегі температура 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Төтенше жағдай қаупі төнгенде, БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарласу қажет: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.
zhaikpress.kz