14.06.2018, 15:48
Оқылды: 17

БҚО-да мектеп түлектерінің 72 пайызы ҰБТ-ға қатысады

35238523_175396006467175_6443924182207037440_nБұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Облыс бойынша мектепті 5 192 түлек аяқтады, соның 3 748 ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда (72%). Тестілеу облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университеттерінде орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді.

Биылғы жылы тестілеу уақыты облыс бойынша 3 күнге –20,21,22 маусымға белгіленіп отыр. Тестілеу 5 пәннен тұрады: оның 3-уі міндетті пәндер, 2-уі таңдаған мамандығына сәйкес таңдау пәндері. Тест тапсырмалары 120 сұрақтан тұрады. Максималды балл –140, шекті балл - 50.

Ұлттық университеттерге - 65 балл, «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл(бұл Ұлттық университетке), ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл.

ҰБТ-ды ұйымдастыруға барлығы 7 582,0 мың теңге қаражат бөлінген, соның ішінде тамақтануға – 4 080,0 мың теңге, қонуға – 1 067,0 мың теңге, тасымалдауға – 2 433,0 мың теңге бағытталып отыр.

ҰБТ-дың өткізілуін үйлестіру үшін облыстық білім басқармасының базасында штаб құрылды, барлық тиісті шаралар бақылауға алынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале