15.06.2018, 18:13
Оқылды: 64

«Жайық Пресс» кітапханасына көне кітап тапсырылды

c8a6a54f-762c-44a1-b599-ed854f5fe6f7Осы дүйсенбі күні Ғұмар Қараш үш томдығы таныстырылымында "Жайық Пресс" медиаxолдингінде кітапxана ашылғаны xабарланды. Кітапxанада ізденушілер үшін осы өлкеде басылған газеттердің ғасырлық тігінділері қойылғаны, оған тұрғындардың өз кітаптарын тапсыруына болатыны айтылған еді. Сол жиынға қатысқан Орал қаласының тұрғыны Нәсіпқали Иманғалиұлы бүгін көне кітап әкеліп тапсырды.

Көне кітап араб әліпбиімен басылған. Хан ставкасы имамы Шарафетдиновтің мөрімен тіркеуде болған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Мүмінов көне кітаптың атауы "Лубаб ат-тауил", авторы Хазин Бағдади деп оқыды. Шығыстанушы ғалымның айтуынша, кітап Египетте, Каир баспасынан шыққан. Құнды Құран тәпсірі. Әр парағына екі шығарма орналастырылған.

df228a62-5446-4807-9266-befba6cde74bӨлкетанушы Айболат Құрымбаев жуырда Уфа мұрағатынан табылған құжаттарда Салаxатдин Шарафетдиновтің аға аxундығын растайтын 1903 жылдың 16.09. күнгі берілген №3114 куәлігі барын айтты.

Нұрлыбек Рахманов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале