Орал қалалық мəдени жəне демалыс саябағында "Денсаулық кепілі! - Будь здоров - Be healthy" ұранымен "Сау əдеттер марафоны" атты кең ауқымды акциясы өтті.
Бұл акцияны "Денсаулық жолы" акциясы шеңберінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы қалалық денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырды.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ж.Құрманов, облыстық салауатты өмір салты орталығының директоры З. Молдағалиева жəне "Бəйтерек" ҚБ өкілі Светлана Борисовна сөз сөйлеп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шарада медицина ұйымдары күн сайын көп мөлшерде су ішудің жəне мүмкіндігінше күніне 10 мың қадам жүрудің пайдасы, тұзды көп пайдаланудың зияны жөнінде көрініс қойды. Барлық мекеме қызметкерлері флешмоб биледі.
Дене белсенділігін арттыратын спорттық ойындар ойнап, жеңімпаз командалар марапатталды.
Акцияға "Мирлан", "Өнім" базарлары мен "Исаев" ЖК демеушілік көрсетті.
Ясипа Рабаева
zhaikpress.kz