12.10.2018, 17:53
Оқылды: 49

Бөкей ордасында тағам қауіпсіздігі тексерілді

Бөкей ордасында Ұлттық сараптама орталығының бастамасымен республика бойынша өтіп жатқан «Қауіпсіз тағамды таңда» акциясы ұйымдастырылды.

р-0500 (3)

Акция шеңберінде «Жұлдыз» және «Ильнура» азық-түлік дүкендерінің тұтынушылары сатып алған тағамдарының бактериологиялық жарамдылығын тексертті.

Сараптаманы жүргізген Ұлттық сараптама орталығының Батыс Қазақстан облысы филиалының бактериолог-дәрігері Асылбек Ахатов Бөкей ордасы ауданында бұл шара алғаш рет ұйымдастырылғанымен, тексеріс нәтижесі көңілден шығатынын айтты. Ол тағамның бактериологиялық жарамдылығын шұғыл анықтайтын «HY-LITE-2»экспресс-анализатор құрылғысы арқылы сүт өнімдері мен түрлі сусындарды сараптамадан өткізді. Нәтижесінде «Мое любимое лето» маркалы сүттің бактериологиялық көрсеткіші 260,«Нежный» маркалы йогурты 1,01 термиялық өңдеу сапа бірлігін құрап, қалыпты жайды көрсетіп отырғандығына тоқталды.

Акция аясында аудандық қоғамдық денсаулық басқармасының маманы Мөлдір Әбішева Сайқын ауылының тұрғындары арасында сауалнама жүргізді. Дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жедел ішек ауруы және тамақтан уланудың алдын алуға қатысты 23 сауалнама толтырылып, 37 жадынама таратылды.

Раушан БАҚЫТОВА,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

IMG_6181

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале