Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Айзада Құрманова, Жәмилә Нұрманбетова және Айгүл Нұркина Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келді.
Қонақтар жұмыс сапары барысында Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көрсетілген «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ақ бұлақ» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданда атқарылып жатқан игі істерге қанықты.
Мәжіліс депутаттары алдымен аудан орталығы - Жаңақала ауылындағы су айдау алаңында болып, биыл жүзеге асып, аудан халқының 82 пайызын таза ауыз сумен қатыған «Жаңақала топтық су құбыры» құрылысымен, Жаңақала ауылындағы 3 қабатты жалдамалы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымын тарту, Жуалыой, Сарыкөл, Мұқыр, Жангелді елді мекендерінің әлеуметтік нысандарын газбен жабдықтау және ауыл ішіндегі желінің құрылстары, сонымен қатар тағыда басқа құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан әрі халық қалаулылары ат басын ауданаралық сауықтыру орталығына бұрып, сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, сауықтыру орталығының қызметкерлерімен және ем алушыларымен жүздесті. Ауданаралық сауықтыру орталығын аралап шыққан депуттар одан әрі жұмыс сапарларын Жаңақала мектеп-гимназиясында жалғастырды.
Бұл жерде халық қалаулылары күні кеше «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашылған ID сыныпқа бас сұғып, оқушылардың жасаған робототехникаларын тамашалады. Сондай-ақ, Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметовамен сұхбаттасып, білім сапасы мен мектептің тыныс-тіршілігі туралы мағлұмат алды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары ауданда атқарылып жатқан игі істерге оң бағаларын беріп, Елбасының тапсырмасын жүзеге асыруда аянбай тер төгіп жүрген аудан басшыларына ризашылықтарын білдірді.
Нұрғали ҒАББАС,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!