Тасқалада ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша демартамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыс бойынша департамент басшысы Р.Ақмырзаевтың қатысуымен актив жиналысы өтті.
Аудан әкімі А.Халеловтың төрағалығымен өткен жиында елдің экономикалық даму жолындағы мемлекеттік қызметкерлердің рөлі мен өз ісіне жауапты қарауының маңызы талқыланды.
Болат Әлімханұлы азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолын айтып өтті.
-Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дертіне айналғанына біраз уақыт болды. Облыс қана емес республика көлемінде аталмыш мәселе бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сараптамалар өткізілуде. Жалпы еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына мемлекеттік қызметкерлердің адалдығы мен шынайылығы үлкен әсер ететінін естен шығармаған абзал. Сыбайлас жемқорлық жақсы абырой алып келмесі анық,- дегенді баса айтты департамент басшысы.
Мұнан соң сөз алған Рустам Сапарбекұлы да Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған мемқызметті жаңғыртуда көзделген мақсат-міндеттермен бөлісті.
Әсем БЕКЕШЕВА,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!