Тасқалада БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Қапақовтың қатысуымен «Жаңғыру жолы» қозғалысы аясында атқарылар істер талқыланды.
Сондай-ақ аталмыш жиынға БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Б.Зайнуллина мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының хатшысы Ж.Каженова қатысты.
Күні кеше жарияланған Елбасының халыққа жолдауында көтерілген негізгі мәселелердің бірі халықтың тұрмыстық ахуалын жақсартуға байланысты ой-пікірлер ортаға салынды. Атап айтқанда халықтың шағын бизнесті қолға алып жұмысын жаңдандыруға, сол арқылы тұрмысын жақсартауға мүмкіндік беру қажеттігі тілге тиек болды.
Ғайса Хамидоллаұлының айтуынша, жастардың шағын бизнесті қолға алуы елдің дамуына бірден-бір септігін тигізеді.
-Қазір жастар отбасын асырауды, материалдық тұрғыдан қиналмаудың жолдарын ойлау керек. Ол үшін жастарға бір ғана жұмыспен отырудың, бұрынғыдай бір жұмыспен ғана жүрудің қажеті жоқ. Оны заман дәлелдеп берді. Оқу оқысаң да, жұмыс істесең де материалдық жағдайынды жақсарту өзінің ғана қолында. Сондықтан шағын бизнес ашып, жұмыссыздықпен күресудің, елдің экономикасына үлес қосудың жолдарын қарастыру қажет,- деді.
«Жаңғыру жолын» қозғалысының жастарға берер мүмкіндіктері айтылып, бос жүрген жастарды жұмысқа тартудың жолдары қарастырылды.
Н.ЖӘРДЕМОВА,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!