16.11.2018, 13:13
Оқылды: 5

БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

 Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келген Жарқын Жұмаділов БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

jarqyn

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарқын Түсіпбекұлы мемлекеттік қызметке келместен бұрын ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы зерттеу институтының ақпараттық мониторинг бөліміне басшылық жасады.

Саяси ғылымдар магистрі әр жылдары республикалық газеттерде, Қазақ радиосында саяси шолушы болған. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында шеф-редакторлық және республикалық интернет сайттарда бас редакторлық қызмет атқарған. Кейін мемлекеттік қызметке келген Жарқын Түсіпбекұлы БҚО әкімі аппаратының баспасөз хатшысы, облыс басшысының кеңесшісі болды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале