Шыңғырлау ауданының Амангелді елді мекенінде көптен күткен қуанышты сәт.
Бүгін бұл мекенге жылдар бойы сарыла күткен таза ауыз су жетті. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты бойынша жақсылықты көрген ауыл халқын аудан әкімі Альберт Есалиев құттықтады. Алпыс отбасы тұратын шағын ауылда тоғыз жылдық мектеп және фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Құрылыс жұмысының мердігері «Лайгэ» ЖШС негізгі су нүктесінен 16 шақырымдық құбыр арқылы Амангелдіге су тартқан.
Айсұлу МУСА,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!