27.11.2018, 12:41
Оқылды: 67

Әлем чемпионы ауылдастарымен кездесті

Румыния елінде өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Темірлан Ихсанғалиев туған жеріне келіп, теректіліктермен кездесті.

 теректи чемпион (2)

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов ел намысын қорғаған Темірланды жеке қабылдап, жеңісімен құттықтады.

         Әскери самбо шебері жерлестерінің ақ пейіліне риза болып, алғыс айтты. Теректілік чемпион аудан орталығы Федоров ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенін, балалар және жасөспірімдер мектебін аралап, жағдайымен танысты.

         Дүниежүзін мойындатқан Темірлан Ихсанғалиев аудандық мәдениет үйінде жастармен кездесті.

         -Мен спортпен 10 жасымнан бастап шұғылдандым. Спорттағы жолымды еркін күрестен бастадым. Алғашқы бапкерім өзімнің әкем болды. Ол өте қатал болатын. Күн сайын жаттықтым. Жарақаттанғаныма, қиын кездерге қарамастан, жаттыға бердім. Алдыма қойған мақсатым – елімнің абыройын әлемдік додаларда қорғау болды. Табандылығымның арқасында діттеген мұратыма жеттім. Сіздердің де мүмкіндіктеріңіз бар. Тек еңбектену қажет, - деді Темірлан.

теректи чемпион (1) теректи чемпион (3) теректи чемпион (4)

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале