11.12.2018, 16:37
Оқылды: 39

Оралда түнде белгісіз біреу көлікті өртеп жіберді

Оралда түн ішінде автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ort

          БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға «Астана» шағын ауданы 5/1 мекенжайындағы үйдің ауласында орын алды.

         2010 жылғы «Тойота Камри» автокөлігінің өртенгені жөнінде 6 желтоқсан күні сағат 23.15-те хабар түскен. Автокөліктің мотор бөлігі мен ішінара салоны жанды.

         Оқиға орнына 1 техникамен 5 адам барған. Өрт сағат 23.48-де оқшауланып, сағат 23.57-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі, кінәлі адам, келтірілген шығын анықталуда. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады.

         Онда үстіне ақ киім киген адамның автокөлікке от қойып, қашып кеткені анық көрінеді.

         БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қасақана от қойған тұрғынды анықтау және ұстау жұмыстары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале