Ақжайық ауданындағы Көнеккеткен ауылдық округіндегі тұрғындар үшін бұл жылдың ең басты сыйы – ауыз су құбырының қайта жаңғыртылуы.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 241 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған бұл құрылыстың бұрынғыдан өзгешелігі көк пен жердей. Заманауи пластикалық құбыр, 2 жаңа ұңғы, суөлшегіш, сутазартқыш секілді әуелде болып көрмеген құрылғыларды айтпағанда, ауылдық округ орталығымен оның 9 шақырым жердегі Қамыстыкөл бөлімшесіндегі баспаналарға ауыз су кіргізудің зор мүмкіндігі келді.
Құрылыстың пайдалануға берілуіне орай өткен салтанатты шараға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов қатысып, көнеккеткендіктерді, бас мердігер «Лайгэ» ЖШС-ның жұмысшы-қызметкерлерін құттықтап, сөз сөйледі.
Қайта жаңғыртылған су құбырының жалпы ұзындығы – 27 шақырым, әрқайсысының сыйымдылығы 150 текше метр 2 резервуар бар.
Бекем БЕКҰЛЫ
Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер