Биылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысын сараптай келе, БҚО-ның төмендегідей жетістіктеріне тоқталуға болады:
- 2018 жылдың жартыжылдық есебі бойынша БҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі – жан басына шаққанда 1900,5 мың теңге.
- Медицина саласы мекемелері 100 пайыз компьютермен қамтылды.
- Электронды денсаулық төлқұжатымен тұрғындардың 100 пайызы қамтылды.
- 35 медициналық мекеме қағазсыз құжат айналымына көшіп, 121 есептің 108-і электронды нұсқаға ауыстырылды. «K-vrachu.kz» порталы мен мобильді қосымшасы арқасында пациентті дәрігердің қабылдау уақыты 15 минуттан 30 минутқа өсті.
- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі білім берумен қамтылды. Бұл көрсеткіш жөнінен БҚО республика бойынша алғашқы бестікке қосылды.
- Облыстағы барлық мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерге кезекке тұрудың автоматты жүйесі іске қосылған.
- Облыстағы 223 шағын жинақты мектеп 612 дана «Bilimbook» компьютер-трансформермен қамтылды.
- 2018 жылдың 3-тоқсаны бойынша жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар (NEET) үлесі 3,0% (2016 жылғы 3,1% ) құрады. Бұл республикадағы ең төменгі көрсеткіш.
- Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өсім бар. БҚО республика бойынша І орында (2016 жылы 6-орында).
- 2018 жылдың 11 айындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша облыс 4-орында.
- ЖІӨ мен шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі – 40,1%. Еліміз бойынша 3-орын (2017 жылы 6-орында)
- Аймақтар мен қалалардың рейтингісінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша облыс 4-орында.
- БҚО-дағы Теректі ауданы шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіші жөнінен республика бойынша 232 ауданның ішінен үздік атанды.
- Жалпы инвестициядағы шетелдік инвестиция үлесі 62,3% құрап, облыс республика бойынша І орында тұр (2015 жылы - 61,9%, 2016 - 77,1%, 2017 - 70%)
- БҚО тұрғындарының 95,4% газбен қамтылып, бұл көрсеткіш бойынша облысымыз Алматы қаласы мен Атырау, Маңғыстау облысынан кейін 4-орыннан көрінді.
- Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша БҚО өткен жылы 2017 жылы өңірлер арасында І орында болды (142,4%). Биыл 406,6 мың шаршы метрге үй салынды (республика бойынша 7-орында). Соңғы үш жылда 929,5 мың шаршы метрге үй пайдалануға берілген.
- Ет экспортау бойынша биыл ІІ орын. 2016 жылы 2074 тонна, 2017 жылы 2242 тонна, 2018 жылы 2809 тонна ет экспортқа шығарылды.
- Облыс ірі қара мал санының 2018 жылғы 1 желтоқсандағы есебі бойынша өңірлер арасында 4-орынға тұрақтады. Ал ұсақ мал мен жылқы санынан 5-орында.
- БҚО-да ғана easy.zko.org.kz порталы арқылы жер телімін электронды түрде сатып алу актісін жасауға қол жеткізе алады.
Келісім 2-3 айдан 5-10 күнге дейін қысқарып, өтініш берушінің 20-дан астам ұйыммен байланысы тоқтатылады. Бұл сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді.
- Апатты жағдайдағы үй мәселесін шешу жөнінен БҚО-дағы 2015 жылдан бері жүзеге асып жатқан жүйені ҚР Президентінің Әкімшілігі ең озық жұмыс деп таңдады.
2015 жылдан бастап осы жүйемен 11 апаттық үй бұзылып, оның орнына 2 үй салынды. 48 отбасы жаңа пәтерге көшті. Ал 113 отбасы уақытша қоныс аударылды. Тағы 6 үй салынуда. Олардың екеуінің құрылысы жылдың аяғына дейін аяқталса, 20 отбасы жаңа пәтер алады.
© zhaikpress.kz
*Деректерді БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер