26.12.2018, 15:07
Оқылды: 43

Ақсайда әкім шыршасы өтті

Мерекелік қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын дәстүрлі шырша тойы Бөрлі ауданында биыл да ерекше өтті.

 borli

         Ақсайда аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларын, озат оқушыларды және халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздарын қуанышқа кенелтті.

         Шараға аудан әкімі С.Әлиев бастаған мекеме басшылары, халық қалаулылары, селолық округ әкімдері және әртүрлі жастағы 110 бала қатысты. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің костюмін киген балақайларға қойылым көрсетілді.

         Жаңажылдық кеште аудан әкімі Санжар Әлиев құттықтау лебізін білдірді. Сонымен қатар аталмыш мерекеге көршілес Орынбор облысының Елек ауданынан оқушылар қатысып өнерлерін көрсетті.

         Шараны ұйымдастыруға аудандық білім беру бөлімі, аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы және аудандық балалар өнер мектебі мен аудандық саз мектебінің ұстаздары мен шәкірттері бір кісідей ат салысты.   Мереке барысында әр бала бір дорба тәтті сыйға алды.

 

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале