Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы спорт кешенінде каратэ шотоканнан Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды.
Еліміздің үздік деген балта аяқты, балға жұдырықты спортшыларының басы қосылған бәсекеда татамиге шыққан зеленовтық Жангүлім Есболова +40 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанса, 40 келіге дейінгі спортшылар сынында шеберлік сынаған Лейла Хасанова финалда сүрініп, күміс медальды қанағат тұтты.
Білікті бапкер Фархад Жалмурзиннен тәлім алатын жас каратэшілер әдеттегідей өз шеберліктерін көрсете білді.
Түгелбай Бисен,
Зеленов ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер