Рухани орталықта аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Туған жерім – тұнған шежіре!» атты аудандық байқау өтті.
Оқушыларды туған жердің қадір қасиетін, тарихын танып білуге шақыру, өскелең ұрпақтың туған елін, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға қатысқан 7-9 сынып оқушылары 5 бағам бойынша өзара сайысқа түсті.
«Мен балаң, жарық күнде сәуле қуған», «Ауыл іші – өнер кеніші», «Тарихқа тұнған туған өлкем», «Ойлан, тап», «Жүйелі сөз, жүйрік ой» кезеңдері бойынша бақ сынап, өз өнерлерін паш еткен оқушыларды қазылар алқасы балдық жүйемен бағалады.
Байқау нәтижесінде I орынды Айшат Ермекқалиева (Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ), II орынды Нұрайзат Маратова (Карманов ЖББОМ) мен Рима Рысқалиева (Жаңақала ЖББОМ), III орынды Артур Ғабит (Жаңақала мектеп-гимназиясының) пен Мейірлан Құрманғазиев (Д.Нұрпейісова ЖББОМ иеленді.
Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.
Ақсұңқар СӘДІР
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz