Өткен түнде, 2019 жылы наурыздың 28-нен 29-на қараған түнде, Қазталов ауданы, Сарықұдық ауылындағы орта мектеп спорт залының төбесі опырылып құлаған. Абырой болғанда, қазіргі таңда оқушылар көктемгі демалыста болғандықтан, зардап шегушілер тіркелген жоқ.
Айта кетейік, 1977 жылы салынған білім ошағында 47 оқушы білім алуда. Тозығы жеткен мектеп орнына жаңа оқу ғимаратын салу бұған дейін жоспарланған болатын. Бүгінде мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сапартамадан өткен. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 314 млн. теңгені құрайды.
Қазір мектептің спорт залы қоршалып, сақтық шаралары қолға алынды.
Сурет ғаламтордан алынды
zhaikpress.kz