Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкілдігінің қолдауымен, Ақсай қаласы мешітінің ұйымдастыруымен Құран кәрімді жатқа оқудан Бөрлі ауданында облыстық іріктеу кезеңі өтті.
-Қатысушылар Құранды мәнерлеп оқудан сынға түсетін болады. Үміткерлерге тәжуит ережелерін сақтау, дауыс ырғағының дұрыстығы, мақамның нақышы сияқты негізгі талаптар қойылады,- деді БҚО бойынша өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов.
Сайыс қорытындысында О.Шоман бас жүлдеге ие болса, Е.Айтенов екінші орынға қол жеткізді. Ә.Сарсенов жүлделі үшінші орынды алды. Барлық жүлдегерлер диплом әрі ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Басқалардан озық шыққан Оралхан Шоман Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер