30.05.2019, 13:27
Оқылды: 52

Оралдықтарды әбігерге салған құбыр үш күннің ішінде жөнделеді (ВИДЕО)

Кеше кеште Орал қаласы маңындағы Деркөл кентінде №19А кәріз сорғы стансасы маңындағы құбырдың тесілуіне байланысты болған ірі апат салдарынан Орал қаласының 120 мыңға тарта тұрғыны ауыз сусыз қалды. Қала әкімдігі жөндеу жұмысы үш күннің ішінде аяқталады дейді.

20190530_151650

«БатысСуАрнасы» ЖШС-ның бас директоры Нұр Төлеуғалиевтің айтуынша, диаметрі 800 милиметр кәріз жүйесі құбырынан (коллектор) ақау табылды.

«БатысСуАрнасы» ЖШС құбырды жөндеуге 70 адам мен 39 техниканы жұмылдырған. Бригада құбыр сыртына жайылған лас суды тазартуда. Қазіргі уақытта кәріз жүйесі апатының негізгі себебі анықталуда. Бұл коллектор бұған дейін де бірнеше мәрте істен шығып, қалалықтарды әуре-сарсаңға салған.

20190530_151712

 

Нұртай Текебай,

суреттер Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале