Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы рәміздері күніне орай «Елдігімнің белгісі» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты түрде Елтаңба мен Мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, шараға қатысушы қауым еліміздің әнұранын орындады.
-Бұл күн – мың өліп, мың тірілген қазақ елінің тарихындағы мәртебелі күн.
Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін терең мазмұнды, айырықша маңызға ие нышандар. Еліміздің бар болмысы, өткені мен ертеңін бойына сіңірген мемлекеттік туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз жүрегімізді мақтанышқа толтырады, - деді аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған аудан әкімі Жанат Асылханұлы.
Салтанатты жиында жастар атынан Ажаргүл Әлиқызы құттықтап барша қаратөбеліктерді рәміздер күніне арналған «Мен елімді сүйемін!», «Менің Туым» және Геннадий Головкиннің 9 маусым күні өтетін жекпе-жегін қолдауға арналған GGG – Алға! акциясына қатысуға шақырды.
Мерекелік шарада еліміздің туы, елтаңбасы мен әнұраны туралы өлеңдер оқылды.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер