9.06.2019, 8:26
Оқылды: 4

Сырымдық сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысуда  

Бүгін елімізде Президент сайлауы өтуде. Сырым ауданында жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Дауыс беру 20.00 сағатқа дейін жалғасады. Ауданда 12381 сайлаушы 29 сайлау учаскесінде дауыс беріп, таңдауларын жасайды.

Syrym (4)

Мемлекеттік Әнұран ойналып, сайлау учаскелерінің жұмысы салтанатты рәсіммен басталды. №290 сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының  төрағасы Жалғас Жоламанов сөз сөйлеп, дауыс беруге бірінші болып келген ардагерлерге,  алғаш  дауыс бергелі тұрған жас сайлаушы Арман Әкімжанға естелік сыйлықтар табыс етті.

Сырымдық сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысуда.

Бақылаушылар да өз жұмыстарына кірісті.

Syrym (3) Syrym (1) Syrym (2)

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале