Бүгін, 2019 жылдың 9 маусымында, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Шыңғырлау ауданында да заң талаптарына сәйкес басталды.
Сайлау учаскесіне киіз үй құрылып, ұлттық нақышта безендірілуі шыңғырлаулықтардың көңілін көтеріп, ерекше әсер етуде.
№425 сайлау учаскесіне біріншілердің бірі болып дауыс беруге келген ауданымыздың құрметті азаматы С.Самиев белсенділік танытып, ел тізгінін ұстар Президентке өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Таң атысымен-ақ сайлаушылардың қарасы бірталай болды. Сайлау ұйымшылдықпен өтіп, аудан жұртшылығы бір кісідей дауыс беруде.
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz