3.07.2019, 10:02
Оқылды: 64

Бәйтерек ауданының ауылдарына бейнебақылау камералары орнатылды

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданында болды. Биыл бұл ауданның бірқатар ауылына «Sunсar Smart Сity» интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің камералары орнатылды. Переметный ауылында болған өңір басшысы алдымен осы игі бастаманың жұмыс барысымен танысты.

baiterek

Бұл тың бастаманы «Элайтс» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасымен жүзеге асырған. Ауылдардың кіреберіс жолдары мен басты көшелеріне қойылған ақылды камералар бір орталықтан басқарылады. Жобаны іске асырушы компания аталған құрылғылардан бөлек алты дрон камерасын алған. Олар су тасқыны, өрт секілді төтенше жағдайларды әуеден бақылауға алуға немесе мал ұрлығын жедел ашуға зор септігін тигізбек.

baiterek

«Sunсar Smart Сity» жобасын жүзеге асырушы компания жетекшісі Александр Молчановтың айтуынша, ауданның Переметный, Калинин, Көшім, Үлкен шаған, Дарьян, Мичурин, Асан ауылдарына барлығы 243 дана интеллектуалды бейнебақылау камералары орнатылған. Олардың 81-і басқарылатын, 162-сі стационарлы бейнекамералар. Бұл камералар қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалау, қылмыстың алдын алу немесе тез арада ашу мақсатында орнатылған. Ақылды құрылғылардың көмегімен көшедегі көліктің мемлекеттік нөмірін, адамдардың бет-әлпетін полиция бөлімшесіндегі экран арқылы анық көруге болады.

b

Нұрбек Оразаев

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале