Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қаладағы базарлар мен сауда орындарының қатысуымен жиналыс өткізді.
Шаһар басшысы жиынға қатысушыларды, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын «Таза жағалау» акциясына қатысуға шақырды.
Айта кетейік, аталмыш акция биыл алтыншы мəрте өткізілгелі отыр. Өзен-көлдердің, бөгендер мен тоғандардың жағалауын көң-қоқыстан тазартып, экологиялық мәселелерге көңіл бөлу мақсатын көздейтін тазалық акциясына мемлекеттік мекемелер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы, кәсіпорындар, оқу орындары, сауда орталықтары және жастар қатысады деп күтілуде.
Дәстүрлі акция 27 шілде күні сағат 9:00-де Чапаев бөгетінен бастау алады. Акция Жайық, Деркөл мен Шаған өзенін қоса алғанда 13 аумақты қамтитын болады.
zhaikpress.kz