Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Бұлдырты, Көздіғара бағытындағы жұмыстармен танысты.
Алғашқы сапар Көздіғара ауылына кіре беріс жолды көтеру жұмыстарынан басталды. Сырым мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Руслан Тасқалиев аудан басшысына жұмыс барысын таныстырды.
Руслан Болатұлының айтуынша, Көздіғара ауылына кіре беріс жолды көтеру - аудан әкімінің есеп беру жиналыстарында көптің қозғалған мәселелердің бірі. Жолды көтеру 15 шілдеде басталды, тамыздың 10-дарында аяқталуы тиіс. Жолдың ұзындығы 12 км болса, жол көтеру жұмыстары соның 7 шақырымына жасалады.
Бүгінде көтеру, жер жырту, топырақты төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Оған төрт техника жұмылдырылды. Жүк тиеуші, «МТЗ-100» өз кезегімен жұмыстарын атқаруда. Алдағы уақытта тағы бір жүк тиеуші мен шынжыр табанды трактор қосылады. Техника құлағында ойнаған жұмысшылардан басқа жауапты бір бригадир бекітілді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА
Сырым ауданы
zhaikpress.kz