1.08.2019, 13:20
Оқылды: 33

Шыңғырлауда ауыл тұрғындарын бизнеске оқытуда  

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, оларға бизнестің әліп-биін үйретуде биылғы жылы да Үкіметтің қолдауы арқасында нақты шаралар алынуда.

shyngyrlau

- Мақсат біреу - әр адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, тіпті бизнесін ашып, ісін дамыту. Осы орайда біздің тарапымыздан оларды оқыту, бейімдеу басты қолдауымыз болып табылмақ. Үстіміздегі жылдың өзінде 3 кезеңде 90 адам тыңдарманымыз болып, курстан өтті. Оның 4-уі несие алып, ал 8 адам грантқа қолдары жетті. Ал он адам осы грантқа құжат тапсырып, нәтижесін күтіп отыр.

Өткен жылы 152 адам аталмыш курстан өтіп, 39 тыңдарманымыз 115 840 000 теңге несие алған болса, үшеуі грант ұтып алып, қазіргі таңда өз шаруаларын дөңгелетуде, - дейді бизнес-тренер Гүлсім Рахметқалиева.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікке үйретуге арналған оқытуды ұйымдастыруда  облыстық кәсіпкерлік палатасының Шыңғырлау аудандық филиалының директоры Бақтығали Нармағамбетовтың және мамандарының көмегі зор.

Айсұлу Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале