Жымпиты ауылының тұрғыны Лариса Жұбанғалиева «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысып, құны 300 мың теңге тұратын теледидарды ұтып алды.
Акцияда 4 сертификат – 5 бума шөп, 4 сертификат – 5 қапшық жем, 2 сертификат – қой, 3 шәйнек, 1 ыдыс-аяқ, ал бас жүлдеге құны 300 мың теңгелік теледидар тігілді. Барлығы 900 ұтыс купоны ойнатылды.
Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндыков акцияның мақсаты салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеру және салық төлеудің міндеттілігін түсіндіру, толығымен халық арасында салық сауаттылығын дамыту, жасөспірімдердің түсіністігімен «салықтың не екенін» назарлауын күшейту, сонымен қатар салық төлеушілердің арасында салық мәдениетін арттыру және көлеңкелі бизнеспен күресу мақсатында өткендігін айтты.
Арман Толқынұлы акцияға қатысқан барша жеңімпаздарды құттықтады.
Айжан АМАНГЕЛДИНА
Сырым ауданы
zhaikpress.kz