Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев «Қалалық электр желісі» АҚ-ның диспетчерлік қызметінде жедел кеңес өткізді. Облыс әкімі осындай төтенше жағдайларға «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның әлсіз дайындығын және электр қуатын тез қалпына келтіру үшін қажетті автогидрокөтергіштермен жабдықталуының төмендігін атап өтті, деп хабарлады БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.
Желдің жылдамдығы 28 м/с жетіп, соның салдарынан 5 тамызда облыс орталығында электр желілерінің 105 үзілу тіркелді. Қазір 4 000 абонент электр энергиясынан ажырады. Сондай-ақ, кәріздік сорғыш станциясында электр қуаты болмауына байланысты Зашаған кентіндегі Арман, Көктем, Сарытау ықшам аудандарында су беру тоқтатылды.
Кеңес барысында аймақ басшысы тиісті қызметтерге, Орал қаласының әкімдігіне қосымша автокөліктерді тартуды және Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясымен бірлесіп елді мекендердегі электр беру желілерін қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауды тапсырды.
Нұрлыбек Нұрланұлы,
zhaikpress.kz