15.08.2019, 18:44
Оқылды: 63

«Latyn kerýeni» Бөрлі ауданында

«Latyn kerýeni» республикалық көшпелі семинар-тренингі Ақсай қаласының №3 мектебінде өтті.

IMG_9247

            Көпшілікке Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, тренингтің жай-жапсарына тоқталды.

            -Латын графикасына көшу ұлттық болмысымызды қайта тірілтіп, түпкі тамырымыздан қол үзбеуіміздің бірден-бір жолы. Осы тұста 2025 жылы ел болып көшеміз деп күтпей, әрқайсымыз мейлінше үлес қосып, жанашырлық танытуымыз қажет. Бұл мемлекеттік маңызы бар шаруа. Қазақпын деген әр адам үшін маңызды. Оның жақсылығын біз емес, ертеңгі ұрпақ, келер келешек көреді. Сондықтан жұртқа сілтемей, әркім өзінен бастағаны абзал. Латын графикасының телефонға жүктелетін бағдарламасы бар. Соны жазып алып, күнделікті сол графиканы қолданса игі. Ешкім үйретпей-ақ, тез меңгересіз, - деді О.Асанғазықызы.

            Семинар-тренинг барысында жаңа әліпбиге көшу турасында сауалдар қойылды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале