21.08.2019, 16:38
Оқылды: 144

Биыл Тасқала ауданында қылмыстың 94 пайызы ашылған

Тасқала аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Панзабеков алты айдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдында есеп берді.

esep (1)тін атқарушы Л.Жұбанышқалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Ғазез, Тасқала ауылдық округінің әкімі Г.Мұқамбетқалиева мен ауыл тұрғындары, полиция ардагерлері қатысты.

Марлен Төлебекұлының айтуынша, осы уақытқа дейін 72 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға төмен. Қылмыстың 94,2 пайызы ашылған. Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 54 қылмыстық істі ашса, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 72 іс тіркеліп, оның 66 қысқартылған. Отыз іс сотқа дейінгі жеңілдетілген тергеу бойынша, 10 іс хаттамалық негізде аяқталған. Соның ішінде 3 іс есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ҚР ҚК-нің 29- бабы 2-тармағымен сотқа жолданған.Мұнан басқа 2 ауыр және 1 аса ауыр қылмыс тіркелген.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале