Бұл жайлы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХҮІІІ сессиясында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев баяндады.
Ол Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.
-Нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді қамтамасыз ету мақсатында БҚО-ға Үкімет тарапынан бағдарлама аясында 2019 жылы бюджеттен 15,3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 2018 жылғыдан 35%-ға артық.Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және «Еңбек» бағдарламасына 5 млрд. 864 млн. теңге, Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасына 2 млрд. 196 млн. теңге бөлінген. 2019 жылдың 7 айында шаруашылықтар 10 млрд. 414 млн. теңге несие алса, соның ішінде лизинг бағдарламасы арқылы 3 млрд. 680 млн. теңгеге 660 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды,-деді Берік Есенғалиев.
Қазіргі күні өңірімізде 8265 ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген.
Н.Нұрланұлы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер