3.09.2019, 15:58
Оқылды: 37

Оралда кәсіпқой аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Оралда Қала күні мерекесінің аясында тұңғыш рет кәсіпқой аралас жекпе-жектен халықаралық «OCTAGON GLOBAL-2» турнирі өтеді. 14 қыркүйек күні мұз сарайында өтетін жекпе-жекке кіл мықтылар келмек.

 69316102_37

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.

 -Турнирге Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның түкпірінен жекпе-жек майталмандары қатысады. Бұл халықаралық шара «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен, ҚР жауынгерлік жекпе-жек ассоциациясы және БҚО әкімдігі, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен өтпек,- деді «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының президенті Нұраддин Садықов.

Басты жекпе-жекте Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, аралас жекпе-жек алаңында жеңіліс тауып көрмеген, OCTAGON лигасының қазіргі таңдағы 56,7 салмақ дәрежесіндегі чемпионы Алтынбек Мағаз (7-0-0), тағы бір жеңіліп көрмеген алматылық Азат Мақсұмға (4-0-0) қарсы өзінің чемпиондық титулын қорғайды.

Сонымен қатар сегіз бұрышқа Аслан Өтеғалиев, Сұлтанбек Меңдібаев, Виталий Железнов, Евгений Назаров, Жігер Жұмашев сынды оралдық файтерлер де сынға түседі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале